Павлодарда өртте көз жұмған ана мен екі бала ысқа тұншығып қалған - Аймақ|13 Маусым 2018, 21:45
BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары USD 360.71 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары EUR 411.53 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары RUB 5.38
Астана:

Павлодарда өртте көз жұмған ана мен екі бала ысқа тұншығып қалған

Фото: Автор

Павлодарда өрт кезінде көз жұмған әйел мен екі баласы ыстан тұншығып, моншадан шыға алмай қалған, деп хабарлайды Baq.kz агенттігінің аймақтағы тілшісі.

Бұл болжамды жергілікті өрт сөндіру қызметінің өкілдері жасады.

Айта кетейік, тілсіз жау Павлодар қаласындағы жекеменшік секторының бірінде болған. Тапа-тал түсте жазғы ас үйдің ғимараты отқа оранды. Ал бұл ғимараттың түпкі бөлігі монша ретінде салыныпты. Дәл бұл жерде 29 жастағы әйел екі баласын шомылдырып жатқан.

Фотосурет: Автор

Өрт сөндірушілер ғимараттың өртенуіне ас үйдегі электр тарату сымдарының тұйықталуы себеп болуы мүмкін деген пікірде.

«Өрттің жалпы алаңы 20 шаршы метрді құрайды. Көз жұмғандардың бірі әйел, ал екеуі 7 және 4 жастағы балалар болып шықты. Барлау кезінде олар моншаның ішінде өлі күйінде табылды», - дейді Павлодар облыстық ТЖД баспасөз қызметінің маманы Марал Сағынаева.

Павлодар облыстық ТЖД өрт саласындағы қауіпсіздікті бақылау және профилактикалық қызмет басқармасының мәліметінше, 2018 жылдың 5 айы ішінде 298 өрт тіркелді. Ал былтырғы жылғы салыстырмалы кезеңде 293 өрт болды. Тілсіз жаудан 27 млн 712 мың теңге көлемінде шығын келді. Салдарынан 17 адам қайтыс болды.

Айта кетейік, марқұмдармен қоштасы рәсімі ертең өтеді. Бұл отбасының қайғысына бейжай қарамаған павлодарлықтар қолдан келгенше көмек қолын созуда. Қазіргі уақытта еріктілер қауымы мен «Жас Отан» жастар қанатының белсенділері көмектесу шараларын қолға алған.

Фотолар автордікі

Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас сілтемелер:
Пікірлер