BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары USD 369.36 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары EUR 431.3 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары RUB 5.45
Астана:

Павлодарда ойын-сауық нысанының құрылысына тыйым салынды

Фото: ашық дереккөзден

Павлодар қаласының қақ ортасындағы үш көпқабатты үй тұрғындары ойын-сауық орнының құрылысына тосқауыл қойып, жеңіске жетті, деп хабарлайды Baq.kz аймақтағы тілшісі.

Еске сала кетсек, бұған дейін 220 отбасы жер учаскесінің өкілдері 100-ге жуық ағашты рұқсатсыз отап, ғимаратты салуға дайындалып жатқанынан қарсылық білдірді. Нәтижесінде Павлодар қаласының әкімдігі мен қадағалау органдарына шағымданып, тексеріс жұргізуге түрткі болды.

Кейін жергілікті билік пен қадағалау органдарының мамандары тексеріс жүргізді. Нәтижесінде бірқатар олқылықтар да анықталды. Кейін Павлодар қалалық прокуратурасының ұсынысымен құрылыс жұмыстары тоқтатылды.

Бүгінде Короленко 2, 4 және 6 мекенжайындағы үйде 220 отбасы тұрады. Жер аумағында ондаған ағашты рұқсатсыз отаған кәсіпкер қарсылық білдірген зейнеткерлерді «қайыршылар» деп балағаттаған.

Қуанышымызда шек жоқ! Құрылыс жұмыстары тоқтатылып, уақытша қоршаулар алынып тасталды. Енді қаңырап қалған жерге ағаш отырғызып, күтіп баптау керек. Кәсіпкер рұқсатсыз отаған ағаштар үшін жауапқа тартылу керек деп ойлаймын», - дейді қала тұрғыны Анжелика Васильева.

Қос тарап арасындағы түсінбеушілік кәсіпкердің 60-қа жуық ағашты тамырымен бірге жұлып тастаған сәтте басталды. Бұл жасыл желекті зейнеткерлер өздері отырғызған. Кейін бизнесменнің бұл жер аумағын артығымен «жаулап» алғаны белгілі болды. Бұл ретте тағы бір мәселе туындайды, болашақ ғимараттың инженерлік желілері баспаналардың коммуналдық жүйелеріне қосылмақ. Сәйкесінше жылу және су беру жүйелерінің сапасы нашарлайды деген қауіп бар.


Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас сілтемелер:
Пікірлер