BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары USD 367.06 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары EUR 416.17 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары RUB 5.56
Астана:

Павлодарда Кутузов көшесінің атауы Тәуелсіздік даңғылы болып өзгереді

Фото: pavon.kz

Облыстық мәслихат депутаттары Кутузов көшесін Тәуелсіздік даңғылы деп өзгертуге қатысты дауыс берді, деп хабарлайды Baq.kz ақпарат агенттігі pavon.kz сайтына сілтеме жасап.

14 маусымда облыстық әкімдікте облыстық мәслихат сессиясының кезекті отырысы өтті. Ағымдағы сұрақтармен қатар Кутузов көшесінің атауын Тәуелсіздік даңғылы деп өзгерту мәселесі де көтерілді. Депутаттардың басым бөлігі қалалық мәслихаттағы әріптестерін қолдап, «қолдаймын» деп жауап берді.

Енді ереже бойынша облыстық мәслихат шешімі әділет басқармасына тіркелуі керек.


Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас сілтемелер:
Пікірлер