BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары USD 367.06 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары EUR 416.17 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары RUB 5.56
Астана:

Павлодарда электронды қалдықтарға арналған контейнерлер орнатыла бастады

Павлодар, BAQ.KZ тілшісі. Облыс орталығында электронды қалдықтарды тастауға арналған контейнерлер орнатыла бастады.

ҚР-ның Экологиялық кодексі шеңберінде елімізде электронды және электрлі құралдар, құрамында сынап бар шамдар мен приборлар, қара және түсті металл, литий және қышқылды батареялардың полигондарына тыйым салынған.

Облыстық жер қойнауын пайдалану, қоршаған орта және су ресурстары басқармасының бас маманы Аңсар Алешовтың айтуынша, экологиялық мәселелерді шешу мақсатында түрлі қалдыққа арналған контейнерлер орнатылуда. Ал былтырғы жылы Павлодарда электр қалдықтарына арналған 200 орын дайындалған болатын.

«Тұрғындар қолданған электронды заттардың қалдықтары үшін әзірге 20 контейнер орнатылды. Қоқыс лақтырылатын қораптардың ұзындығы 180 см болса, ені – 80 см. Оған теледидар, микротолқынды пеш, компьютерлер сияқты заттарды тастауға болады. Бұл қоқыстар жиналып, кейін сұрыпталады. Кейін Алматы қаласына қайта өңделуге жөнелтіледі», - дейді бас маман.

Экологиялық кодексті бұзбау мақсатында құрамында сынабы бар шамдарды жою жұмысы оң жолға қойылды. Жуырда 40 мың дананы жою мақсатында облыстық бюджеттен 2,9 млн теңге бөлінген.

Салалық ведомство өкілдерінің мәліметінше, қазіргі таңда облыстық полигондарында 5,2 млн тонна қоқыс жатыр. Тұрғындар күнбе-күн шамамен 700 тонна керексіз затты тастайды. Қоршаған ортаның ластануына жол бермес үшін қалдықтарды қайта өңдеуге бағытталған заманауи жоба қолға алынбақ. Бұл іске шетелдік инвесторлар тартылады деп жоспарланып отыр.


Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас сілтемелер:
Пікірлер