BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары USD 328.95 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары EUR 386.38 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары RUB 5.27
Астана:

Павлодар тас жолында тұрып қалған 55 өзбекстандық құтқарылды

Павлодар полициясы облыс орталығынан ондаған шақырым қашықтықта жолда тұрып қалған автобустағы жолаушыларға көмектесті, деп хабарлайды Вaq.kz ақпарат агенттігі облыстық ІІД-ге сілтеме жасап.

Автобус ішінде Өзбекстанның 55 азаматы болды. Олардың бәрі Ресейге жолға шыққан. Облыстық ішкі істер департаментінің хабарлауынша, жол-патрульді полиция қызметкерлері жолда тұрып қалған автобусты Достық ауылының маңынан тапқан.

Полиция қызметкерлері жолаушыларды ауылдағы мектепке жеткізіп, жылытып, ыстық тамақ берген. Кейін Өзбекстан азаматтары басқа автобуспен Ресейге қарай қайта жолға шықты. Оларды Ресей шекарасына дейін жеткізіп салған. Әрі қарай мигранттар ресейлік автобусқа отырған.

Еске сала кетейік, биыл жыл басынан бері Павлодар облысында осымен үшінші рет Ресейге бара жатқан автобус бұзылып, жолаушылар жедел құтқарылды.

Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас сілтемелер:
Пікірлер