BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары USD 345.55 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары EUR 401.01 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары RUB 5.45
Астана:

Павлодар облысында тағы екі бала терезеден құлап кетті

Фото: Интернеттен алынды

Павлодар облысында кішкентай балалардың көпқабатты үйлердің терезелерінен құлау оқиғалары жиілеп кетті. Соңғы күндері екі оқиға тіркелді, деп хабарлайды Baq.kz агенттігінің аймақтағы тілшісі.

Абырой болғанда, екі сәби аман қалды. Алғашқы оқиға Ақсу қаласында болды. Екі жасар бала екінші қабаттың терезесінен төмен құлап, жарақат алды. Облыстық денсаулық сақтау басқармасы баспасөз қызметінің хабарлауынша, оқыс жағдай түнгі уақытта болған.

«Оқиға орнына жедел медициналық қызмет бригадасы жетті. Сәби бас миының жеңіл жарақатын алып, облыстық балалар ауруханасының травмотология бөліміне жатқызылды. Бүгінгі күні жағдайы қанағаттанарлық деңгейде. Толық тексеруден өтіп, ем қабылдап жатыр», - дейді ведомствоның баспасөз хатшысы Эльмира Темірғалиева.

Екінші жағдай облыс орталығындағы Бектұров көшесінің бойындағы көпқабатты үйде болды. 3,5 жасар бала бесінші қабаттан құлап түсті. Қазіргі уақытта облыстық балалар ауруханасының жансақтау бөлімінде жатыр. Сәбидің жамбасы сынған.

Еске сала кетсек, екі күн бұрын Екібатсұз қаласында алты жасар бала екінші қабаттан төмен құлап кеткен.

Жалпы, Ертіс өңірінде соңғы үш жылда 26 бала терезеден құлап, тоғызы көз жұмған. Ал былтырғы жылы алты оқыс оқиға тіркеліп, соңы балалардың өлімімен аяқталды.

Айта кетейік, қайғылы жағдайларды болдырмау мақсатында облыста «Қауіпсіз терезе» акциясы бастау алды. Павлодар қалалық білім беру бөлімінің мәліметінше, облыс орталығында 67 мемлекеттік балабақша бар. Бұл ұйымдарда 17 мыңға жуық балғын тәрбие алуда. Олардың 10 мыңы екінші қабаттан жоғары орнатылған пәтерлерде тұрады. Тек 4105 бала терезелердегі қауіпсіздік құралдарымен қамтылған.

Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас сілтемелер:
Пікірлер