BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары USD 370.04 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары EUR 420.99 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары RUB 5.58
Астана:

Павлодар облысында керексіз шиналар кәдеге жаратылуда

Фото: Автор

Павлодар облысында бір жылда қажетсіз көлік шиналарының 25-30 мың тоннасы жиналып қалады екен. Бұл мәселені біртіндеп шешуге жуырда ашылған шина қалдықтарын өңдеу зауыты атсалыспақ, деп хабарлайды Baq.kz агенттігінің өңірдегі тілшісі.

Резеңке-техникалық заттарды жасау зауыты «Даму» кәсіпкерлерді қолдау қорының көмегімен ашылды. Кәсіпорынды ашуға 30 млн теңге жұмсалған.

«Қазіргі уақытта шиналарды тегін қабылдап, кәдеге жаратудамыз. Ал кейбір елдерде шиналарды тапсыру үшін көлік иесі ақша төлейді. Резеңкені қайта өңдеп, резеңке төсемелері мен брусчаткаларды шығарамыз. Қауіпсіз өнімдерді балалар және спорт алаңдарына астына төсеуге болады. Сонымен қатар, өзге де спорт нысандарына аса қажет», - дейді зауыт директоры Сергей Григорюк.

Бүгінгі таңда кәсіпорын екі мың тонна өнімді қайта өңдеуге қауқарлы. Пилоттық жоба негізінде ашылған зауытта екі түрлі өнім шығарылады – жіксіз және формалы. Мамандардың айтуынша, өнім сүт-тауарлы фермаларына да аса қажет. Бағасы да қолжетімді – төсеменің бір шаршы метрі 10 мың теңге тұрады.

«Асфаль пен бетонның бір шаршы метрін төсеу 3 мың теңге деп бағаланады. Ал жарамдылық мерзімі - небары 3 жыл. Резеңкеден жасалған өнім 10 жыл бойы қолданып қана қоймай, эстетикалық пішінін өзгертпейді. Резеңкеден жасалған өнім +80 градус және -80 градусқа төзімді болып келеді», - дейді зауыт директоры.

Кәсіпорын мамандары көлік иелері белсенділік танытса, өндіріс өрге жүзетініне сенімді. Бүгінде Павлодар облысында балалар ойын алаңдарын жөндеу жұмыстары қарқын алған. Жергілікті билік алдағы уақытта нысандарды тұрғызуда резеңге төсемелерін қолдануды көздеуде.

Фото: Автор


Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас сілтемелер:
Пікірлер