Павлодар облысынан 40-қа жуық адам үлкен қажылыққа барады - Аймақ|09 Тамыз 2018, 09:35
BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары USD 363.28 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары EUR 414.25 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары RUB 5.44
Астана:

Павлодар облысынан 40-қа жуық адам үлкен қажылыққа барады

Фото: lenta.ru

Биыл Павлодар облысынан Сауд Арабиясына өз парызын өтеуге 40-қа жуық адам барады, деп хабарлайды Baq.kz ақпарат агенттігі pavlodarnews.kz сайтына сілтеме жасап.

Мәшһүр Жүсіп орталық мешітінің баспасөз хатшысы Амантай Тойшыбайұлының айтуынша, олар 15 тамыз күні жолға шығады.

«Мекке мен Мединеге баратын адамдардың барлығы бір ай бойы арнайы оқудан өтті. Қасиетті жерге барып келген қажылармен кездесу ұйымдастырылып, өз тәжірибесімен бөлісті. Сонымен қатар, қажылықтың шарттары, парызы, сүннеті, уәжібі, ихрамдағы міндеттер және тағы басқа көптеген тақырыптар бойынша еркін әңгімелер қозғалды», - деді Амантай Тойшыбайұлы.

Биыл қажылыққа баратын павлодарлықтардың арасындағы ең жасы – 30-да, ересегі – 78 жаста.

«Жыл сайын Ертіс өңірінен 40-50 шақты адам қажылыққа барады. Ал республика бойынша үш мыңға жуық адам барады. 15 мен 20 тамыз аралығында олардың барлығы Сауд Арабиясына дейін жету керек, себебі құлшылық ету Құрбан айттың алғашқы күні 21 тамыз күні басталады. Осында олар он күндей болады. Алла Елшісі (Оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын) «Қабыл болған қажылықтың сыйы – жәннат» деген. Шынында, Алла қабыл болған қажылықты нәсіп етсін, - деді Амантай Тойшыбайұлы.

Павлодарлықтар аталмыш үлкен сапарға орташа есеппен төрт мың долларға жуық қаражат жұмсайды.

Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас сілтемелер:
Пікірлер