BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары USD 369.35 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары EUR 421.47 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары RUB 5.57
Астана:

Павлодар облысына көшіп келген отбасылар көмірмен қамтылды

Павлодар. BAQ.KZ тілшісі. Еліміздің Оңтүстік өңірлерінен Павлодар облысына көшіп келген отбасылар биылғы қыста көмірмен қамтылады. Бұл – жергілікті биліктің шешімі.

Облыстық жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының бөлім басшысы Меруерт Есенбаеваның мәліметінше, соңғы екі жыл ішінде Павлодар облысына шамамен екі жарым мың азамат көшіп келген.

«Басым бөлігі – Алматы, Түркістан, Қызылорда, Жамбыл және Маңғыстау облыстарының тұрғындары. Көшіп келгендер өңіріміздің климатына бейімделіп кетуі үшін оларды биылғы қыста қатты отынмен қамтуды ұйғардық. Осы аптаның соңына дейін тұрғындарға көмір тасып береміз», - дейді Меруерт Есенбаева.

Мәселен, Аққулы ауданына қоныс аударған 34 отбасының үйіне қатты жанар-жағармай жеткізілді. Аудандық әкімдік мамандарының хабаралуынша, сапалы көмір «Майкөбе» кенішінен тасымалданған. Әрбір жанұяға қыстан қысылмай шығу үшін 5-7 тонна көмір үлестірілген. Бұл – аудан әкімінің тапсырмасы шеңберінде атқарылған игі іс.

Бұл ауданға өткен жылы «Нәтижелі жұмыспен қамту және жаппай кәсіпкерлікті дамыту» бағдарламасы бойынша Оңтүстік Қазақстан облысынан төрт отбасы көшіп келді. Ал биыл 30-дан астам отбасының 170 мүшесі жаңа жерге қоныс аударып, жұмыспен қамтылған.

Айта кетейік, ішкі қоныс аударушылардың әрбіреуіне 35 АЕК көлемінде, яғни 84 мың теңге және пәтер жалдауға 21 мың теңге түрінде қолдау көрсетіледі.


Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас сілтемелер:
Пікірлер