BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары USD 374.47 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары EUR 421.43 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары RUB 5.54
Астана:

Павлодар облысына қар жауды

Фото: gx.net.ua

Таңертең Баянауыл және Лебяжі аудандарында қар аралас жаңбыр жауды, деп хабарлайды Baq.kz ақпарат агенттігі pavlodarnews.kz сайтына сілтеме жасап.

Павлодарлықтар әлеуметтік желілерде қолайсыз ауа райын талқылауда. Лебяжі аудандық ішкі саясат бөлімінің бас маманы Аманжол Ереннің айтуынша, аудан орталығында шамамен сағат 11:00-де қар еріп кеткен.

«Қазір қар еріп кеткенмен, ауа райы суық болып тұр. Мамыр айында соңғы рет қашан қар жауғаны есімде жоқ», - дейді Аманжол Ерен.

Баянауылда да қар жауған. «Қазгидромет» РМК-ның облыстық филиалының кезекші синоптигі бұл аймақта мамыр айының аяғына дейін ауа райы қолайсыз болатынын айтты.

«Павлодар облысында түнгі ауа температурасы өте төмен: нөлден минус үш градусқа дейін. 19 мамырда ауа температурасы бес градусқа дейін төмендеп, қар аралас жаңбыр жаууы мүмкін. Бұл – уақытша құбылыс. Маусым айында күн жылынады», - дейді ол.


Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас сілтемелер:
Пікірлер