BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары USD 366.86 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары EUR 424.49 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары RUB 5.6
Астана:

Павлодар қаласының жергілікті полиция қызметкерлерінің барлығы электронды планшеттермен қамтылды

Фото: Автор

Еліміздің құқыққорғау органдарының қызметіне өзгерістер қажет. Сонымен қатар, әр полицей жазалаушы орган өкілі емес, адамның досы мен ақылшысы бола білу керек. Бұл туралы Елбасы халыққа Жолдауында дөп басып айтқан болатын. Мақсат-міндеттерді орындау мақсатында Ертіс өңірінің ішкі істер қызметі кезең-кезеңмен цифрландыру жүйесіне көшуде, деп хабарлайды Baq.kz агенттігінің аймақтағы тілшісі.

Облыста бұл бағыттағы жұмыс бірнеше жыл бойы қолға алынып, жемісін беріп отыр. Ертіс өңірінде сандық технологияларды енгізудің арқасында әкімшілік және ауыр қылмыстар саны азайып, ауыр қылмыстарды ашу көрсеткіші артты.

Мамандардың мәліметінше, тонау 1,8%-ға, қарақшылық 30,8%-ға, мал ұрлығы 39,7%-ға және зорла уқылмыстары 12,8%-ға азайған. Ал қасақана ауыр дене жарақаттарын жасау 10,9%-ға, бопсалау 50%-ға-ға және алаяқтық әрекеттері 1,8%-ға кеміген. Ал көшедегі крименогенді жағдай тұрақты сипатқа ие.

Қылмыстармен күресуде цифрлық технологиялардың көмегі зор. Мәселен, облыс орталығындағы барлық учаскелік бөлімшелерде электронды журналдар қолданысқа енгізілген. Тергеу амалдары барысында тұрғындар туралы толық ақпарат осы журналдарда сақталады.

Электронды журналды енгізгендердің қатарында Усолка шағын ауданында учаскелік пункттің мамандары бар. Осы мөлтек ауданда 21 мыңнан астам тұрғын бар. Әр инспекторға 5 мың адамнан келеді.

Павлодар қалалық ІІБ Оңтүстік полиция бөлімінің учаскелік инспекторы Нұржан Тасқариннің айтуынша, шағын ауданның әлеуметтік және тұрғын үй нысандарында 460 бейнебақылау камерасы орнатылған. Басым бөлігі жекенің қолында болса да, тергеу амалдары барысында видеоматериалдарды қолдануға болады

«Жақын арада аауыр қылмыстың бетін аштық. Шетел азаматын аяусыз өлтірген адамдарды бейнебақылау кемараларының көмегімен таптық. Қазіргі уақытта электронды журналдағы мағлұматтарды толықтыру мақсатында «Учаске» жедел-алдын алу шарасы өтіп жатыр. Біз пәтерлерді аралап, тіркеусіз жүрген азаматтарды да анықтаймыз», - дейді Нұржан Тасқарин.

Ішкі істер органдарының қызметін жаңа стандартына көшу мақсатында жергілікті полицейлер электронды құралдарды қолданып, қағазбастылықтан арылған. Нәтижесінде хаттамаларды толтыру уақыты 4 минутқа дейін қысқарды. Жергілікті полицияның 600-ге жуық тәртіп сақшысы планшеттермен қамтылған. Мамандар шаһардың әуеден қауіпсіздігін бақылау жүйелерімен қамтамасыз етіліп жатыр.

«Жол-патруль қызметінің мамандары күніне 100-ге дейін әкімшілік хаттама толтырады. Электронды планшеттердің көмегімен уақыт та үнемделеді. Ал әкімшілік құқықбұзушылықтар бірыңғай реестрге автоматты түрде енгізіледі», - дейді Павлодар қалалық ІІБ жергілікті полиция қызметінің бастығы Арман Қаптаев.

Алдағы уақытта аудандық ішкі істер бөлімдері квадраокптерлермен жабдықталмақ. Ұшу құралдары мал ұрлығын алдын алуға сеп болмақ.


Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас сілтемелер:
Пікірлер