BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары USD 374.2 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары EUR 420.34 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары RUB 5.52
Астана:

Павлодар маңында 800 гектарлық жасыл белдеу құрылады

Фото: автор

Ертіс өңірінде жарияланған «Экология жылы» аясында Павлодар қаласының маңында 800 гектарлық жасыл белдеу құрылады, деп хабарлайды Baq.kz аймақтағы тілшісі.

Жасыл алқап Павлодар қаласына қарасты Кенжекөл, Жетекші ауылдарының аумағын қамтиды. Облыстық жер қойнауын пайдалану, қоршаған орта және су ресурстары басқармасы мамандарының хабарлауынша, бұл ауылдардың территориясында жасыл массив болғанмен, ағаштар қорын сауықтыру керек. Сонымен қатар, жаңарту және жаңа көшеттерді отырғызу қажеттілігі туындайды.

Басқарманың бөлім басшысы Талғат Жұмабайұлының мәліметнше, жасыл белдеу құрмас бұрын ормантұқымбағын құру қажет. Бұл жобаға мемлекет бюджетінен 236 млн. теңге бөлу көзделген.

«Бүгінгі күнге дейін облыс оратылығының аумағында 9,5 гектарлық жерге ағаштар салынды. 45 мың көшет отырғызылып, күтілуде. Қалған аумақты жабу үшін ормантұқымбағы құрылады. Біздің есептеуімізше, бұл жұмысқа бір жылдық мерзім керек. Кейін екпе материалдары дайын болған соң жасыл белдеу құрамыз», - дейді Талғат Жұмабайұлы.

Айта кетейік, қазіргі таңда Ертіс өңірінде орман қорының жалпы аумағы 127 мың гектарды құрайды. Үш мемлекеттік орман шаруашылығына қарасты аумақта ағаш отырғызу жұмыстары үздіксіз жүргізіледі.

«127 мың гектардың 89 мың гектары ғана орманмен жабылған. Қалған аумаққа қылқанжапырақты және терек тұқымдас өсімдіктер кезең-кезеңмен салынады. Ғылыми әдістемелерге сүйенсек, бір гектар жерге 4444 дана қылқанжапырақты ағаш салынады. Ал қайың тұқымдастарының саны 3333 дананы құрауы тиіс. Жалпы, жасыл желек салынған соң қорғап, баптау жұмыстары жүргізіледі. Сала мамандары бір жылда екі рет арамшөптен тазартады», - дейді бөлім басшысы.

Айта кетейік, облыста шамамен 10 күннен соң ағаш отырғызу науқаны басталады. Маусым аясында 22 гектар жерге жас көшеттер отырғызалады деп жоспарлануда.


Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас сілтемелер:
Пікірлер