BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары USD 356.54 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары EUR 419.43 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары RUB 5.42
Астана:

Өскеменнің шет жағы элиталық ауданға айналуы мүмкін

Фото: post express

21 маусымда қоғамдық талқылауға ұсынылған қаланың бас жоспары аясында Ертістің сол жағалауымен қатар, оң жағалауына да өзгерістер енгізу қарастырылған, деп хабарлайды Baq.kz ақпарат агенттігі altaynews.kz сайтына сілтеме жасап.

Түрлендірудің дені жағалаудың батыс бөлігінде жүретін болады.

Тәуелсіздік даңғылы Пограничный көшесімен қиылысатын тұстан ары қарай, Прохладныйдың оңтүстік шекарасына дейін созу жоспарлануда. Даңғылдың бұл бөлігі жаңа көпқабатты үйлі ауданның орталығы болады. Құрылыс жұмыстары Бажов көшесінен бастап, котловандар жағалауына дейін жүреді. Тоғандардың айналасына парк ұйымдастырылмақ. Оны Ертістен бөліп жатқан бөгетке автокөлік жолы салынады.

Осы жоспар тыңғылықты орындалса, бұл күнде қаланың шеткі ауданы болып тұрған Прохладныйдың элиталық ауданға айналуы мүмкін.


Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас сілтемелер:
Пікірлер