BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары USD 370.55 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары EUR 421.76 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары RUB 5.57
Астана:

Өскемендегі Арбаттың құрылысына 200 миллион теңге бөлінді

Фото: altaynews.kz

Өскемен бір көшені тұтас жаяу жүргіншілерге арнап жасақтау идеясынан бас тартқан жоқ. Бұл үшін бюджеттен миллиондар бөлінуде, деп хабарлайды Baq.kz ақпарат агенттігі altaynews.kz сайтына сілтеме жасап.

Бұл туралы ШҚО экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасы жетекшісінің орынбасары Раушан Ластаева айтты.

«Головоков, Горький, Орджоникидзе көшелерін жасақтау үшін облыс бюджетінен 200 миллион теңге қарастырылған», – деді Раушан Ластаева.

Еске сала кетсек, Головков көшесінің Горкий және Орджоникидзе көшелерінің аралығындағы тұсы жаяу жүргіншілерге арналып жасақталатындығы жазылған болатын. Яғни Арбат болады. Онда фонтан, шағын сауда дүңгіршектері, орындықтар мен спорт, ойын алаңдары салынады. Оған қоса жаңадан шамдар орнатылып, ғимараттардың көшеге қараған беті жөнделеді.


Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас сілтемелер:
Пікірлер