Өскеменде сенбі күні автошабандоздар сайысы өтеді - Аймақ|07 Тамыз 2018, 20:16
BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары USD 361.66 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары EUR 409.51 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары RUB 5.41
Астана:

Өскеменде сенбі күні автошабандоздар сайысы өтеді

Фото: YouTube

Алдағы сенбі күні Өскемендегі Спорт сарайының көлік тұрағында көлікті жылдам және шебер басқару бойынша «Битва за Respect» ШҚО кубогінің кезеңі өтеді, деп хабарлайды Baq.kz ақпарат агенттігі altaynews.kz сайтына сілтеме жасап.

Автошоуды тамашалаушылар, түрлі сайыстарға қатысып, демеушілер ұсынған сыйлықтарға ие бола алады. «Vostok Motor Sport» командасының «дрифт-такси» тосын сыйы да кеш көрермендерінің біріне бұйырады.

«Биылғы жылы сайысқа жаңа Standart класын қостық. Бұл жарысқа бұрын-соңды түсіп көрмегендер және спорттық дәрже алмаған шабандоздарға жасалған тамаша мүмкіндік», – дейді ШҚО автомотоспорт федерациясы.

Шоу жайлы толық ақпаратты ВКонтакте әлеуметтік желісіндегі ФАМС ВКО тобынан ала аласыз. Дәл сол жерде сайысқа қатысуға өтініш қалдыруға болады.

Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас сілтемелер:
Пікірлер