BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары USD 352.54 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары EUR 415.15 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары RUB 5.31
Астана:

Өскеменде 17 жылдан кейін жаңа аудан пайда болады

Фото: altaynews.kz

Сәтпаев даңғылын Самар трассасына дейін созу жұмысы басталып та кетті, деп хабарлайды Baq.kz ақпарат агенттігі altaynews.kz сайтына сілтеме жасап.

Мамандар көп қабатты құрылыстың негізгі алаңы ретінде Ертістің сол жағалауын қарастырып отыр.

Осыдан үш апта бұрын алматылық «Градо» компаниясының жоба жасаушылары Өскемен қаласының 2035 жылға арналған бас жоспарын ұсынған болатын.

Жоспар бойынша қала аудандарының көбі жеке меншік бір қабатты үйлердің есебінен кеңейуі тиіс. Мамандардың пікірінше, көпқабатты құрылыстардың Сәтпаев даңғылы мен Алматы трассасының арасында игерусіз жатқан жазыққа түскені жөн.

Есенберлин мен Қазыбек би (бұрынғы Карл Маркс) даңғылдары ұзартылып, осы жердің орталық магистральі болады. Бұған ауданның оңтүстігінен «Южная» көшесі келіп қосылмақ.

Бұл тұжырым 2009 жылдың бас жоспарында-ақ көрсетілген еді. Қазір жобаға қосымша бөліктер енгізілуде. Сәтпаев даңғылын Самар трассасына дейін созу жұмысы басталып та кетті.


Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас сілтемелер:
Пікірлер