Оралда ер адам енесін атып өлтірді - Аймақ|11 Мамыр 2018, 11:37
BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары USD 360.87 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары EUR 410.27 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары RUB 5.4
Астана:

Оралда ер адам енесін атып өлтірді

Кеше кешке Оралда ер адам қайын енесін атып өлтіріп, атасын жаралаған, деп хабарлайды Baq.kz ақпарат агенттігі.

Оқиға көпқабатты үйлердің бірінде болған. Кешке қарай күйеу баласы ата-енесінің үйіне қаруланып келген.

«Алдымен әйел адамның көмек сұраған дауысын естідім. Содан кейін қарудан атылған оқтың дыбыстары естілді. Атқан жәбірленушінің күйеу баласы», - дейді көршілері.

БҚО Денсаулық сақтау басқармасының хабарлауынша, жедел жәрдемге шақырту сағат 20.24-те түскен.

« Кешке «Құрылысшылар» шағын ауданынан 60 жастағы әйелдің қарудан жарақаттанғаны жөнінде шақырту түсті. Бірақ, жедел жәрдем жеткенше ол қайтыс болған», - дейді БҚО денсаулық сақтау басқармасының баспасөз хатшысы Айнагүл Сақпосынова.

Сонымен қатар, 66 жастағы ер адамның ішіне оқ тиіп, жараланған. Ол ауруханаға жеткізіліп, жәбірленуші азаматқа 6 сағат бойы ота жасалған. Қазір ол жансақтау бөлімінде жатыр.

Оқиғаның себеп-салдары анықталуда.

Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас сілтемелер:
Пікірлер