BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары USD 352.54 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары EUR 415.15 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары RUB 5.31
Астана:

Оңтүстік Қазақстанда биыл екінші үшем өмірге келді

Фото: http://ontustik.gov.kz

Шымкенттегі №1 облыстық перинаталдық орталығында ортақ салмағы сегіз келі шамасында болатын үшем дүниеге келді. Бұл – облыс бойынша жыл басынан бері өмірге келген екінші үшем, деп хабарлайды Baq.kz ақпарат агенттігі.

Оңтүстік Қазақстан облысы әкімінің баспасөз қызметінің мәліметі бойынша, үшемнің ата-анасы Мұхтар мен Гүлжанат - Шардара ауданының тұрғындары. Енді отбасында бала саны көбейгендіктен, тұрғын-үй мәселесі толғандыра бастаған олар мемлекеттің көмегіне үміт артып отыр.

Гүлжанат Пердебаеваның енді 5 баласы бар. Ұл мен қыздың анасы үшем болатынын төрт айлық кезінде білген. Жас ана үш ұл баланы 5 наурызда кесарь тілігі арқылы босанды. Дәрігерлердің айтуынша, 35-аптада туылған бірінші сәбидің салмағы – 2400 грамм, бойы – 45 см, екінші сәбидің салмағы – 2600 грамм, бойы – 46 см, ал үшінші сәбидің салмағы – 2700 грамм, бойы – 48 см.

«Бір аптадан аса уақыттың ішінде салмақ қосып, жағдайлары жақсарды», - дейді дәрігерлер.

Елубаевтар әулетінде дүниеге келген үш атұстарға ата-әжелері ырымдап Ерасыл, Нұрасыл, Жанасыл деген ат қойған. Олар осыдан үш жыл бұрын атажұртқа Өзбекстаннан көшіп келген.

Жалпы статистикалық мәліметке сүйенсек, соңғы 10 жылдың ішінде облыста жыл сайын 7-13 үшем дүние есігін ашады. Осы уақыт ішінде 81 үшем туылған. Ал бір жылда дүниеге келетін егіздердің саны – 800-ге жуық. Он жылда туылған жергілікті егіздер саны 7 мыңнан асады. Тек соңғы мерекелік бес күннің өзінде облыс аумағында 700-ге жуық сәби дүние келген.


Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас сілтемелер:
Пікірлер