BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары USD 367.06 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары EUR 416.17 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары RUB 5.56
Астана:

Оңтүстік Қазақстанда алдағы үш жылда 84 елді мекен ауыз сумен қамтылады

Фото: ОҚО әкімдігі

Оңтүстік Қазақстан облысында алдағы үш жылда 84 елді мекен орталықтандырылған ауыз сумен қамтылады. Бұл туралы Оңтүстік Қазақстан облысының әкімі Жансейіт Түймебаев селекторлық жиында мәлімдеді, деп хабарлайды Baq.kz ақпарат агенттігі.

2020 жылға дейін орталықтандырылған ауыз сумен қала тұрғындары – 97 пайызға, ауылдық елді мекендер – 62 пайызға қамтылуы керек. Сонда «Өңірлерді дамытудың 2020 жылға дейінгі» бағдарламасында елді мекендерді орталықтандырылған ауыз су және су бұру жүйелерімен қамтудың нақты көрсеткіштерін толығымен орындалады.

Аймақ басшысының айтуынша, жалпы өңірде орталықтандырылған ауыз су жүйесіне қосылмаған 200-ден астам ауыл бар.

«Бүгінде облыс халқының 12 пайызы, яғни шамамен 200 мыңға тарта тұрғыны орталықтандырылған ауыз су жүйесіне қосылмаған. Осы бағыттағы жұмыстарды жүйелендіруміз керек. Бағдарлама талаптарына сәйкес, елді мекендерде құрылыс жұмыстарын жүргізу үшін, бірінші кезекте жер асты су қорларына геологиялық іздеу-барлау жұмыстарын жүргізу қажет. Осы жұмыстардың қорытындысы негізінде құрылыс жұмыстарын жүргізу үшін жобалау-сметалық құжаттарын әзірлеу керек», - деді Жансейіт Түймебаев.

Облыстық энергетика және тұрғын-үй коммуналдық шаруашылық басқармасының басшысы М.Марайымның баячндамасына сәйкес осы бағытта 2016-2018 жылдары халық санының басымдығына қарай 117 елді мекеннің жобалау-сметалық құжаттары әзір. Облыстың даму жоспарына сәйкес, алдағы 3 жылда 84 елді мекенді орталықтандырылған ауыз сумен қамту жоспарланып отыр.

2018 жылы ауыз су саласына 11,0 млрд.теңге бөлініп, 76 нысанның құрылысы іске асырылуда. Оның ішінде, 20 нысан ағымдағы жылы пайдалануға берілсе, 56 нысанның құрылысы 2019 жылға өтпелі. Сонымен қатар жыл соңына дейін 13 елді мекен ауыз жүйелерімен қамтылса, 2 елді мекеннің тозығы жеткен су құбырлары қайта жаңартылып, 2 мөлтек ауданда және 4 суағарлар құрылысы аяқталады.

Жиынды қорытындылаған облыс әкімі басқарма басшысына өзге аймақтармен салыстырғанда халқты ауыз сумен қамту деңгейі қандай екенін анықтауды және аталған салаға автоматтандыру жүйесін енгізуді тапсырды.


Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас сілтемелер:
Пікірлер