BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары USD 366.86 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары EUR 424.49 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары RUB 5.6
Астана:

Мәйітті көлікпен бірге өртеген күдікті ұсталды

Шымкентте өртенген көліктің жүксалғышынан табылған адамды өлтірді деген күдікті ұсталды, деп хабарлайды Baq.kz ақпарат агенттігі TVK арнасына сілтеме жасап.

Шымкент тұрғынының өліміне қатысты полицейлер сотқа дейінгі тергеу амалдарын жүргізуде.

Ағымдағы жылдың 6 ақпанында Түлкібас АІІБ-нің кезекші бөліміне өзен жағасында өртенген автокөліктен белгісіз азаматтың мәйіті табылғаны туралы хабарлама келіп түскен. Оқиға орнына келіп жеткен полиция қызметкерлері мәйіттің 30-35 жас шамасындағы Шымкент қаласының тұрғыны екенін анықтады. Аталған жайтқа қатысты «Кісі өлтіру» бабы бойынша іс қозғалып, арнайы сараптама да тағайындалды. Жедел-іздестіру шараларының нәтижесінде Алматы қаласының тұрғыны анықталып, ұсталды. Ауыр қылмысқа қатысты тағы бір күдікті азамат іздестірілуде.

Еске сала кетсек, бұғанд дейін ОҚО-да өртенген көліктен мәйіт табылғаны хабарланған болатын.


Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас сілтемелер:
Пікірлер