BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары USD 346.68 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары EUR 404.02 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары RUB 5.47
Астана:

Өндірістік жарақат алған павлодарлық қолынан айырылуы мүмкін

Фото: 24sata.hr

Павлодар облысындағы ірі өндірістік ошақта 42 жасар жұмысшы жарақат алып, соның салдарынан қолынан айырылуы мүмкін, деп хабарлайды Baq.kz аймақтағы тілшісі.

Бұл туралы зардап шеккен азаматтың туыстары хабарлады.

«Ағам «Кастинг» ЖШС-де жұмыс істейді. Ол жұмыс барысында ауыр жарақат алды. Қазіргі уақытта Павлодар облыстық ауруханасында ем қабылдап жатыр», - дейді қарындасы.

Өңірдегі денсаулық сақтау басқармасы басшысының орынбасары Нұрлан Оразалиннің айтуынша, бүгінгі күнге дейін зардап шегушінің қолының буынына ота жасалды. Мамандардың айтуынша, жұмысшының қол сүйегі сынған және буыны жарақаттанған.

Павлодар облыстық еңбек басқармасының маманы Абылай Сабыровтың айтуынша, 1976 жылы туған азамат болат қорытушы болып жұмыс істеген.

«Оқыс оқиға жұмыс барысында орын алды. Жұмыскер өндірістік грейзерді траверске алмастырып жатқанда, қолына кранның ауыр жүкті көтеретін темір ілмек құлаған. Қазіргі уақытта жұмысшы алған жарақаттың деңгейін анықтау жұмыстары жүргізіледі. Содан кейін орын алған жағдайды тексеру жұмыстары басталады. Бұл шара 10 жұмыс күні ішінде жүргізіледі», - дейді Абылай Сабыров.

Айта кетейік, Павлодар облысы елімізде өндірістік жарақаттар бойынша көшбасшы орында.

Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас сілтемелер:
Пікірлер