BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары USD 365.49 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары EUR 420.35 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары RUB 5.6
Астана:

Өмірзақ Шүкеев Қарағандыда салынып жатқан көтерме-логистикалық орталықтың құрылысын аралап көрді

Қарағанды облысында Премьер-министр орынбасары – ҚР ауыл шаруашылық министрі Өмірзақ Шүкеев жергілікті аграрийлер саладағы өзгерістерді қалай қабылдағанын білу мақсатында барды, деп хабарлайдыBaq.kz жергілікті әкімдіктің ресми сайтына сілтеме жасап.

«Елбасы Ауыл шаруашылық кешеніндегі еңбек өнімділігі мен қайта өңделген ауыл шаруашылық өнімдерінің экспортын кем дегенде 2,5 есе ұлғайтуды тапсырды. Бұл өте маңызды міндеттемелер, жәнеде олар ескі әдістермен шешілмейді. Біз тәсілдерді қайта қарастырдық, жаңа мемлекеттік бағдарлама қабылдадық жәнеде оны жүзеге асыруға кірісіп кеттік. Бүгін біз Қарағанды облысына осы бағыттағы жұмыстар қалай жылжып жатқанын көріп қайту үшін келдік, - деді Өмірзақ Шүкеев.

Вице-премьер аймақтың бірқатар агроөнеркәсіп кешендерін аралап шықты. Ол маргарин өнімдерін шет елге экспорттайтын «Eurasian Foods» АҚ зауытында және «Агрофирма Құрма» ЖШС құс фабрикасында болып, қалдықтардан жылу және электр қуатын шығаратын биогаздық құрылғымен танысты.

Сонымен қатар Өзбекстанға өгізшелер жөнелтіп отырған «Жәке» ШҚ бордақылау алаңында болды..

Өңірді аралап көрген иице-премьер Өмірзақ Шүкеев «Альфарух» ЖШС көтерме-тарату логистикалық орталығының салынып жатқан ғимаратын да қарап шықты

«Бұл еліміздегі алғашқы көтерме-тарату логистикалық орталығы. Және де бұл түбегейлі жаңа принцип: қойма да емес, биржа немесе базар да емес. Мұндай нысандарды бұрыннан бері барлық облыстарда құру керек болатын. Бірақ алғашқы болып қарағандылықтар іске қосқалы жатыр. Біз бұл жобаны барынша қолдаймыз. Басқаларға да ол қалай жұмыс істейтінін көрсету қажет, - деді вице-премьер

Қарағандыдағы көтерме-тарату логистикалық орталығының бірінші кезегін іске қосу 2018-ші жылдың соңына жоспарланып отыр.


Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас сілтемелер:
Пікірлер