BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары USD 325.79 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары EUR 402.94 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары RUB 5.33
Астана:

ОҚО-да марокко шегірткесімен күресуге 19 автокөлік бөлінді

Фото: yuga.ru

Биыл Оңтүстік Қазақстан облысы бойынша үйірлі шегіртке тектес зиянкестерге қарсы химиялық күрес шаралары жалпы 350,046 мың гектар аумаққа жүргізіледі. Бүгін бұл туралы ОҚО өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен брифингте ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігі Агроөнеркәсіптік кешендегі мемлекеттік инспекция комитетінің ОҚО аумақтық инспекциясының басшысы Нұржан Кашкенов мәлімдеді, деп хабарлайды Baq.kz ақпарат агенттігі.

Сонымен қатар, мақта көбелегіне қарсы 35,75 мың гектар, ал өрмекші кенесіне қарсы 16,45 мың гектар көлемге химиялық өңдеу жұмыстары жүргізу жоспарлануда. Өңір басшысы Ж.Түймебаевтың тапсырмасына сәйкес аймақта аталған мәселе толық қадағалауға алынып отыр.

«Облыстық аумақтық инспекция тарапынан марокко шегірткесіне қарсы жұмыс жүргізуге аудандарда 19 топ құрылып, 48 инспектор және 19 автокөлік қарастырылып отыр», - деді Нұржан Құттыбекұлы.

Инспекция басшысының айтуынша, «Республикалық фитосанитарлық диагностика және болжамдар әдістемелік орталығының» облыстық филиалынан 120-ға жуық маман мен 78 қызметтік автокөлік бөлінетін болады. Аудан әкімдіктері тарапынан қосымша 277 анықтаушы жұмылдырылып, 50 жұмыс тобы құрылған.

Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас сілтемелер:
Пікірлер