BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары USD 345.68 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары EUR 404.45 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары RUB 5.48
Астана:

ОҚО-да кәмелетке толмаған жүргізуші полиция көлігіне соқтығысты

Фото: скрин

Оңтүстік Қазақстан облысында полиция көлігіне кәмелет жасқа толмаған жүргізуші соқтығысты, деп хабарлайды Вaq.kz ақпарат агенттігі Tengrinews.kz басылымына сілтеме жасап.

Патруль көлігінің соқтығысып қалғаны түсірілген видео тарады. Бұл оқиғаға қатысты облыстың ІІД баспасөз қызметі түсініктеме берді.

Видеода мемлекеттік нөмірлері шешілген арнайы көлік жүк машинасымен соқтығысқандай болып көрінеді. Ал, негізінде жағдай мүлдем басқаша болған. ІІД хабарлауынша, жол оқиғасы Сарыағаш ауданында тіркелген. Сөйтсе, жол-көлік оқиғасына кәмелет жасқа толмаған бала себепкер болып шықты.

«Ол ешқандай рұқсатсыз ата-анасының Hyundai Starex көлігіне отырып, жолға шығып кетеді. Бірақ көлікті басқара алмай, жүк көлігі және полиция машинасымен соқтығысады», - деді ОҚО ІІД баспасөз қызметіндегі мамандар.

Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас сілтемелер:
Пікірлер