BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары USD 352.54 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары EUR 415.15 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары RUB 5.31
Астана:

ОҚО-да итальяндық сападан кем емес жиһаз шығады

Оңтүстік Қазақстан облысы Сайрам ауданында жылына 4 мың жиынтық жиһаз шыратын жаңа фабрика іске қосылды деп хабарлайды Baq.kz ақпарат агенттігі Оңтүстік Қазақстан облысы әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Фабриканың жұмысымен өңір басшысы Жансейіт Түймебаев арнайы барып танысты. Ол жалпы өнеркәсіпті дамыту Президент Назарбаев алға қойған міндеттердің бірі екенін айтты.

«Бүгін Сайрам ауданында қаншама тұрғынды жұмыспен қамтитын жаңа кәсіпорын ашылып отыр. Мұның арқасында ауданның өңдеу өнеркәсібіндегі үлесі артатын болады. Сіздер фабриканың өнімі Италия жиһаздарынан кем болмайды дедіңіздер. Бұдан былай жұрт «Сайрам сапасы» деген терминді қолданатындай дәрежеге жетіңіздер» деген әкім кәсіпорынның жұмысшыларына сәттілік тіледі.

Құны 506 млн теңге болатын жобаның 300 млн теңгесін кәсіпкер «Бизнестің жол картасы-2020» бағдарламасы аясында алған. Мұнда 70 адам тұрақты жұмыспен қамтылып отыр. Фабрика өнімдері сапа менеджменті мен экологиялық таза деген сертификатпен расталған. Бұдан бөлек, өндіріс орны итальяндық дизайнерлердің қатысуымен экологиялық таза материалдарды және сенімді компоненттерді пайдалана отырып, тұтынушыға тек жоғары сапалы жиһаз ұсынбақ. «Bella Mebel» тауар белгісімен шығатын фабриканың өнімдерін алдағы уақытта еліміздің барлық аймақтарындағы жиһаз дүкендерінен сатып алуға болады.


Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас сілтемелер:
Пікірлер