BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары USD 319.68 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары EUR 392.95 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары RUB 5.63
Астана:

ОҚО әкімдігі Ішкі саясат басқармасының басшысы ұсталды

Фото: скриншот

Оңтүстік Қазақстан облысы әкімдігі Ішкі саясат басқармасының басшысы ұсталды, деп хабарлайды Baq.kz ақпарат агенттігі.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл ұлттық бюросы баспасөз қызметінің мәліметінше, ведомствоның Оңтүстік Қазақстан облысы бойынша департаменті Ішкі саясат басқармасының басшысы Б.Б.Төлегенді жүргізуші арқылы 2,1 миллион теңге пара алып жатқан жерінен ұстаған.

Басқарма басшысы параны ақпараттық қызметтерді мемлекеттік сатып алу туралы келісімшарттың ақысы ретінде алған. Ақша аларда бөлім басшысы Н.Р.Шалкеев арада жүрген.

«6 қазан күні Б.Б.Төлеген Шымкент қаласы ІІБ Уақытша ұстау абақтысына қамалды. Н.Р.Шалкеев өз кінәсін толық мойындауына байланысты оған қатысты процестік ұстау шарасы қолданылмады. Сотқа дейінгі тергеу жүргізіліп жатыр», - деп жазылған Ұлттық бюро таратқан хабарламада.

Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас сілтемелер:
Пікірлер