BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары USD 366.43 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары EUR 420.11 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары RUB 5.58
Астана:

Облыс аумағындағы демалыс орындарын көрсететін аялдама ашылды

Өскеменде облыс аумағындағы мәдени және туристік орындардың картасы көрсетілген аялдама пайда болды, деп хабарлайды Baq.kz ақпарат агенттігі altaynews.kz сайтына сілтеме жасап.

Аялдама Орджоникидзе көшесінің бойында. Онда 20-дан астам нысанның атауы жазылып, картасы көрсетілгенн.

Сондай-ақ нысандардың QR-коды сканерленген. Ол арқылы туристік арнайы сайтқа кіріп, әрбір орынмен жеке-жеке танысуға болады.

Аялдаманы жасақтаған – «Авангард металл» компаниясы. Айта кетейік, бұл компания бұдан бұрын Пушкин кітапханасы аялдамасын да жасаған болатын.

Аталмыш компанияның инстаграмдағы мәліметіне сенсек, алда әлі іске асырылатын жиырмаға жуық жоба бар екен.


Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас сілтемелер:
Пікірлер