BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары USD 370.04 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары EUR 420.99 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары RUB 5.58
Астана:

Нидерланд Елшілігі қарағандылықтарды фото байқауға қатысуға шақырады

Фото: look.com.ua

Астана, BAQ.KZ. Қарағандылықтарды Қазақстандағы Нидерланд Елшілігі ұйымдастырған фото байқауға қатысуға шақырады. Қатысушылар қазақстандықтардың өмірінен алынған әсерлі, терең және асыра әсемделмеген сурет түсіріп жіберулері тиіс.

«Өмірден алынған шынайы оқиғалар» атты фото суреттер байқауын Нидерланд Королдігі World Press 2018 халықаралық байқауының жеңімпаздары көрмесі шеңберінде ұйымдастырып отыр. Байқау шарты бойынша тұрмыстық жағдайды, күнделікті сюжеттерді түсіруге болады. Ең бастысы, олар қазіргі заманғы Қазақстанның болмысын бейнелеп, суреттердің өзі әсер тудырып, терең ойға ие болуы тиіс. Әрбір қатысушы бір сурет жібере алады. Автордың есімі тек оның келісімімен ғана жарияланады, алайда ұйымдастырушылар байқау жұмыстарын әлеуметтік желілерде байқауды жарнамалау үшін қолдануға құқылы.

Сайысқа кәсіби және әуесқой фотографтар да қатыса алады. Жұмыстарды электронды түрде net-embassy-onlinephotocontest@outlook.com 30 қарашаға дейін жәберу қажет.

Жеңімпазға 150 000 теңге табыс етіледі. Екінші және үшінші орындардың жүлдесі – 100 000 және 50 000 теңгені құрайды.


Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас сілтемелер:
Пікірлер