BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары USD 319.68 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары EUR 392.95 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары RUB 5.63
Астана:

Мұғалім болып жұмыс істеген педофил 17 жылға сотталды

Қостанай облысы Федоров ауданының Первомай орта мектебі мен жергілікті балабақша және ауылдық мәдениет үйінде музыка пәнінің мұғалімі болып жұмыс істеген 40 жастағы Ленонид Кравцов 17 жылға сотталды. Оған 14 жасқа толмаған жасөсіпірдерді жыныстық қатынасқа итермелегені үшін айып тағылған, деп хабарлайды Baq.kz агенттігінің өңірдегі тілшісі.

Аталмыш іс Қостанай облысының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотында қаралып, қылмыскерге үкім кесілді.

«Сот Кравцовқа 17 жыл берді. Оның ісі бойынша үш жәбірленуші болғанын айта кеткен жөн. Сотқа келіп түскен іс материалдары бойынша сотталушы 2017 жылдың 17 маусымында ауылдық мәдениет үйіне 6 мен 10 жасар аралығындағы кішкентай қыздарды алдап кіргізіп алып, шешіндіріп, арам ойын іске асырмақ болған», – дейді облыстық қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының төрағасы Ерлік Сералин.

Сондай-ақ, сот үкімі бойынша істі болған Кравцовқа өмір бойы педагогикалық қызметпен айналысуға тыйым салынып отыр.

Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас сілтемелер:
Пікірлер