Мемлекеттік айыптаушы трамвай жүргізушісін 2,5 жылға соттауды сұрады - Аймақ|07 Желтоқсан 2017, 14:36
BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары USD 360.12 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары EUR 409.67 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары RUB 5.33
Астана:

Мемлекеттік айыптаушы трамвай жүргізушісін 2,5 жылға соттауды сұрады

Фото: Автор

Павлодарда апалы-сіңлілі қыздарды қағып кеткен трамвай жүргізушісінің ісіне қатысты кезекті сот отырысы өтті. Бұған дейін жалғызбасты ана Шынар Уәлитованың қорғаушысы моральдық шығын ретінде күдіктіден 1,5 млн теңге талап еткен болатын. Алайда, бүгінгі сот барысында зардап шеккен азаматша райынан қайтты, деп хабарлайды Baq.kz агенттігінің өңірдегі тілшісі.

Павлодар қалалық №2 қылмыстық сотта өткен үшінші отырысқа Шынар Уәлитованың өзі келді. Жалғызбасты ана түсініктеме беруден бас тартып, бұған дейін моральдық шығын ретінде 1,5 млн теңге сұрағанын растады. Кейін бұл сөзін қайтарып алғысы келетінін жеткізді.

Сот барысында Шынар Уәлитова қызын қағып кеткен трамвай жүргізушісі Наталья Пекнич әлі күнге дейін кешірім сұрамағанын айтты. Сотталушы азаматша бүгінгі отырыста ғана кешірім сұрады.

«Өз тарапымнан Павлодар облысның тұрғындарына қолдау көрсеткендері үшін алғыс айтамын. Осы арызым үшін халық арасында шу шыққанынан хабардармын. Мен сол моральдық өтемақы алып байығым келген жоқ, қызымның өліміне кінәліні жазалағым келді. Бар ойым осы болды. Өлім аузынан қалған қызым Марал үй жағдайында оқып жатыр, осы қорқынышты жағдайды қашан еске түсіреді деп алаңдаулымым», - дейді Шынар Уәлитова.

Екі тараптың пікірталасы барысында мемлекеттік айыптаушы Камила Сариева сотталушыны белгілі бір мерзімге бас бостандығынан айырып, қылмыстық жазаға тартуды сұрады.

«Сотталушыны ҚР Қылмыстық кодексінің 345-бабы 3-бөлігі бойынша кінәлі деп танып, 2 жыл 6 айға бас бостандығынан айыруды сұраймын. Жазасын өтеу жері қауіпсіздік деңгейі бойынша ең төмен болуын сұраймыз», - деді Камила Сариева.

Айпыталушының қорғаушысы Людмила Шевченко Наталья Пекничтің ауа арйының қолайсыз жағдайында трамвай жүргізгенін ескеруді өтінді. Сонымен қатар, күдіктінің алты жасар қызды тәрбиелеп жатқанын алға тартты.

Еске сала кетсек, осы жылдың 7 қыркүйегінде таңғы сағат 7:43-те Ломов-Катаев көшелерінің қиылысында екі оқушыны трамвай басып кеткен еді. Салдарынан 12 жастағы Махаббат Масғұт жарақат алып, көз жұмды. Келесі сот отырысы 30 қарашада өтеді.

Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас сілтемелер:
Пікірлер