Маңғыстауда жүктер пойызбен заңсыз тасымалдануда - Аймақ|09 Тамыз 2018, 10:48
BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары USD 361.66 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары EUR 409.51 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары RUB 5.41
Астана:

Маңғыстауда жүктер пойызбен заңсыз тасымалдануда

Маңғыстауда пойызда жүктерді тасымалдау тәртібі сақталмай отыр, деп хабарлайды Baq.kz ақпарат агенттігі.

Тамыздың 5-6 аралығында ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Маңғыстау облысы бойынша департаменті жанынан құрылған Арнайы мониторингтік топ мүшелері «Қазақстан Темір Жолы» ҰК» АҚ Маңғыстау бөлімшесінде «құпия сатып алушы» әдісімен қоғамдық мониторинг жүргізген.

«Осы шара аясында жүк тасымалдау бойынша касса қызметкері «Маңғышлақ-Алматы» пойызымен жолсерікпен келісу арқылы кез-келген ауыр жүкті белгілі бір сомаға тасымалдауға болатынын айтқан. Яғни, бұл ретте жүкті тасымалдауды рәсімдеу тәртібі сақталмай отыр. Ал жүк тасымалдаушы бөлімінің қызметкері болса, жүгіңіз болса шырайлы Шымкентке дейін 25.000 теңгеге тиісті құжатты рәсімдемей-ақ келісуге болатындығын арнайы мониторингтік топ мүшелері анықтады», -делінген департамент жіберген хабарламада.

Негізінен жолаушыларды, багажды, жүктерді, жүк-багажды және почта жөнелтілімдерін тасымалдау қағидаларын бекіту туралы ҚР Инвестициялар және даму министрінің 2015 жылғы 30 сәуірдегі № 545 бұйрығымен бекітілген ереженің 176 тармағына сәйкес ресімделуі тиіс.

«Яғни, жүк тасымалдауды рәсімдеу тәртібі заңмен бекітілгеніне қарамастан, бұл талаптар өрескел бұзылып отырғандығы анықталды. Осылайша жолаушылар жолсеріктермен ауызша келісім арқылы, кассаны айналып өтіп, көздеген жеріне жүктерін жеткізуге еш кедергі жоқ», -делінген хабарламада.

Еске сала кетейік, ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің тапсырмасына орай, «Қазақстан Темір Жолы» ҰК» АҚ Маңғыстау бөлімшелерінде сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін анықтау мақсатында «құпия сатып алушы» әдісімен қоғамдық мониторинг жүргізілуде.

Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас сілтемелер:
Пікірлер