BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары USD 368.28 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары EUR 419.21 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары RUB 5.59
Астана:

Маңғыстауда биыл 16 600 бала бірінші сыныпқа барады

Бүгін Маңғыстау облысының әкімі Ералы Тоғжановтың төрағалығымен аппараттық жиын өтті, деп хабарлайды Вaq.kz ақпарат агенттігі.

Қазақстан Республикасын индустриялық-инновациялық дамытудың 2016 – 2019 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасының іске асырылу (2018 жылғы 6 айдың қорытындысы) барысы туралы - Индустриялық-инновациялық даму басқармасының м.а. Тілеген Едігеев баяндады.

Мемлекеттік индустриялық-инновациялық даму бағдарламасының көрсеткіштерінің динамикасы: өңдеу өнеркәсібінің экспорты – 114, 4%-ға, өңдеу өнеркәсібіндегі еңбек өнімділігі – 142,2% - ға, негізгі капиталға салынған инвестициялар көлемі – 106,0% орындалса, өңдеу өнеркәсібіндегі өндіріс көлемі – 112,0% орындалды. 2018 жылғы қаңтар-маусым айларындағы өңдеу өнеркәсібінде негізгі капиталға салынған инвестициялар көлемі 3,8 млрд.теңгені құраса, өндіріс көлемі сәйкесінше алдыңғы жылмен салыстырғанда 12,0% өсіп (ИФО- 112,0%) 118,7 млрд. теңгені құрады. 2017 жылдың қантар-желтоқсан айында өңдеу өнеркәсібінде жұмыспен қамтылғандар саны 16,8 мың адам.

«Кәсіпкерлікті қолдау қартасы аясында үш жылда жалпы құны 152,7 млрд. теңге құрайтын 9 жоба пайдалануға беріліп, 944 жаңа жұмыс орны ашылды. Карта аясында 2018 жылы жалпы сомасы 11,5 млрд. теңгені құрайтын 4 жоба іске асыру және 223 жұмыс орны ашылуы жоспарланған. Биылғы жылдың мамыр айында «Бест-Груп» ЖШС күн электр станциясы жобасы іске асырылған», - деді Тілеген Едігеев.

Жылыту маусымына дайындық барысы туралы облыстық энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасының басшысы Сапар Аманбеков баяндап өтті.

"Бүгінгі күнге дейін төрт арнайы штаб отырысы өткізіліп, облыстың негізгі кәсіпорындарының жылыту маусымына өте жақсы деңгейде жүріп жатқанын мәлімдеді. «МАЭК - Қазатомөнеркәсіп» ЖШС бойынша негізгі қондырғылардың дайындығы 85% құрайды, «МЭБК» АҚ бойынша дайындығы 90% құрайды. Сондай-ақ, әлеуметтік салалар бойынша дайындық жұмыстары төмендегідей: 388 білім беру нысандарының 369 дайын (95%), 102 денсаулык нысандарынан – 91 дайын (89%), 140 әлеуметтік нысандардың –122 дайын (87%), тұрғын үй бойынша – 1541 көпқабатты үйдің 1356 дайын (88%), (сумен сынау және жуу жұмыстары), қалған үйлер ағымдағы жылдың 1 қыркүйегіне дейін дайын болады" - деді Сапар Аманбеков.

Жаңа 2018-2019 оқу жылына дайындық туралы - Білім басқармасы басшысының м. а. Нұрлыбек Қойжанов баяндады. Облыста 271 мектепке дейінгі ұйым, 143 мектеп, ТжКБ 27 ұйымы, қосымша білім беру ұйымдары 15 жұмыс істейді. 1 қыркүйекте 134 129 оқушы мектепке барады, оның ішінде бірінші сынып оқушыларының контингенті 16600 оқушыны құрайды. Жаңа оқу жылының басында күтілетін желі саны – 143 мемлекеттік және 5 жекеменшік мектеп. Биыл облыста – 9 мектеп ашылды. Оқулықтар мен оқу-әдістемелік кешендерін сатып алуға жергілікті бюджеттен 1 млрд. 546 млн. 512 мың қаржы бөлінді.


Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас сілтемелер:
Пікірлер