BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары USD 346.68 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары EUR 404.02 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары RUB 5.47
Астана:

Маңғыстау облысында 115 ит атылды

Фото: gorobzor.ru

Маңғыстау облысындағы Сайын Шапағатов ауылында тұрғындардың қаңғыбас иттер төрт түлік малға шабуылдады деген шағымынан кейін 115 ит атылды. Үй жануарларының төрт түлікке шабуылдауы салдарынан наурыз айының басында 20, ал демалыс күндері 12 бас мал өлген, деп хабарлайды Baq.kz ақпарат агенттігі lada.kz сайтына сілтеме жасап.

Ауыл әкімі Ғабиден Нұржаубайдың айтуынша, кеше бір күн ішінде 33 рет иттің малға шабуылдау жағдайы тіркелген. Ауылда еріктілердің қатысуымен кезекшілік ұйымдастырылды. Олар түні бойы төрт түлік малды күзетіп, иттің малға шабуылдауынан қорғайды.

«Малға иттің шабуылдау фактілері бар. Қаңғыбас иттерді аулау жұмыстары жүргізіліп жатыр. Өткен аптада 85 қаңғыбас ит атылса, демалыс күндері 30 ит атылды. Ауыл тұрғындарына иттерін үйде байлап ұстау керек екенін ескертіп жатырмыз. Қарғыбаусыз және шылбырсыз жүрген иттерді атамыз. Малдардың өлу себептері әлі де анықталуда, бірақ біз оларға шабуылдап жүрген ауылдағы қаңғыбас иттер деп ойлаймыз. Тіпті ондай жағдайды көрген тұрғындар да бар. Қазір бұл мәселе бойынша ветеринарлар жұмыс істеуде», - деді Ғабиден Нұржаубай.

Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас сілтемелер:
Пікірлер