BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары USD 343.06 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары EUR 402.38 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары RUB 5.49
Астана:

Мақтааралда жаңа оқу жылында 8 мектеп пайдалануға беріледі

Мақтаарал ауданында жаңа оқу жылында 8 білім ұясы ел игілігіне берілетін болады. Бұдан бөлек, биыл 8 мектептің іргетасы қаланбақ. Сондай-ақ, ауданда 5 модулді медициналық тректің құрылысы аяқталуға жақын, деп хабарлайды Baq.kz ақпарат агенттігі.

Бұл туралы аудан әкімдігінде өткен жиында өңір басшысы Жамантай Бейсенбаев мәлімдеді. Жиын барысында аудандық сәулет, қала құрылысы және құрылыс бөлімінің басшысы Сансызбай Сейдалиев баяндама жасады. Оның айтуынша, 8 білім ошағындағы құрылыс жұмыстары кестеге сай жүргізілуде. Биыл Жетісай қаласындағы 80 гектар аумақта 5 қабатты 60 пәтерлі тұрғын үйлердің құрылысы бастау алатын болады. Бұдан бөлек 4 қабатты 12 тұрғын үйдің барлық құжаттары облыстық құрылыс басқармасына өткізіліп қойған.

Аудан әкімі Жамантай Бейсенбаев жаңадан салынып жатқан мектептердің жылу жүйесін көмірден бөлек, газға да қоса алатындай етіп жасауды тапсырды. Өйткені 2020 жылға дейін аудан елді мекендері толықтай газбен қамтылатын болады. Сондай-ақ, аудан басшысы күрделі және орта жөндеуден өтіп жатқан мектептерге бақылауды күшейтуді тапсырды.

«Балалар – біздің болашағымыз. Біз мектеп салуды тоқтатпауымыз керек. Жаңадан жобалық-сметалық құжаттарды әзірлеп, ескі мектептердің қатарын азайтуымыз керек», - деді Жамантай Қанайұлы.

Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас сілтемелер:
Пікірлер