BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары USD 325.79 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары EUR 402.94 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары RUB 5.33
Астана:

Қостанайлық жастар ғашықтар күнін атап өтуде

Фото: фото автордан

15 сәуір – Қазақстанда ұлттық ғашықтар күні. Осы атаулы күн қарсаңында Қостанай қалалық Н.Островский атындағы орталық кітапханасының жанынан құрылған «Толқын» жастар шығармашылық студиясы мен «Тұмар» әдеби клубының белсенді жастары «Жырлайды жүрек» деп аталатын әдеби-поэтикалық кеш өткізді, деп хабарлайды Baq.kz аймақтағы тілшісі.

Қостанай қаласының орталығында орналасқан «Март» сауда-ойын сауық кешенінде өткен тағылымы мол шарада жастар махаббат жайлы өлеңдер оқып, әуезді әндер шырқап, өз сүйіктілеріне деген сезімдерін түрлі өнерлері арқылы жеткізді.

«Қозы Көрпеш пен Баян сұлудың махаббаты мен сүйіспеншілігіне арналған меркені қостанайлық жастар осымен екінші жыл қатарынан жоғары деңгейде атап өтуді дағдыға айналдырып отыр. Осы арқылы елімізде ұлттық мәдениетімізге, халқымыздың салт-дәстүрлері мен адамгершілік рухына негізделген жаңа тұрпатты мерекеге айналдыруды үрдіске айналдырмақ. Енді оны ұлттық дәстүрлерімізбен жарастырып, одан әрі байыту, әрі қарай жалғастыру қоғамның, әсіресе, жастардың міндеті », –дейді жоғарыда аталған кітапхананыңі ұлттық әдебиет секторының меңгерушісі Ботагөз Дүйсенбаева.

Көрген жанның таңдайын қақтырып, тартымды өткен кешке жиналған жастардың қарасы көп болды. Олар осындай қоғамдық орындарда ұлттық санамызды дәріптейтін кештердің жиі болуын қалайтындарын жеткізді.

«Мен 15 сәуір – Қазақстанда ұлттық ғашықтар күніне арналған поэтикалық кешке кішкентайда болса үлесімді қосқалы келдім. Себебі, қазіргі кезде біз секілді жастарға осындай рухани азық болатын шаралардан көңілге түйер тәлім-тәрбиесі мол. Оның сыртында, Мемлекет басшысының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты бағдарламасында ұмыт қалған құндылықтарымызды дәріптеу анық айтылған. Бүгінгі өтіп жатқан кештің өзін осыған жатқызуға болады», – дейді жас ақын Алмас Тобылов.

Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас сілтемелер:
Пікірлер