BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары USD 346.68 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары EUR 404.02 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары RUB 5.47
Астана:

Қостанайлық әкімдер ішкі туризмді дамытуға құлықсыз

Фото: Автор

Бүгін Қостанай облысы әкімі Архимед Мұхамбетовтың қатысуымен өткен жиында өңірдің ішкі туризміміне қатысты мәселелер сараланды. Аталмыш басқосуда баяндама жасаған облыстық кәсіпкерлік және индустриялды-инновациялық даму басқармасының басшысы Иса Құдабеков жергілікті жердегі әкімдіктердің атқарып жатқан жұмыстарын сынға алды, деп хабарлайды Baq.kz аймақтық тілшісі.

Жалпы алғанда, осы жылы Қостанай облысының ішкі туризмін дамытуға арналған негізгі жоспар жасалып қойыпты. Оған жергілікті бюджеттің 43 млн теңгесі жұмсалмақ.

«Бұған дейін өңір басшысы тарапынан қалалар мен аудандардың әкімдеріне ішкі туризмге қатысты іс-шаралар жоспарын сапалы орындау туралы тапсырма берілген болатын. Алайда, осы мәселеге әкімдіктер аса көңіл бөлініп отырған жоқ. Мысалы, әкімдердің сайттарында өңірдің тарихи және көрнекі орындары туралы қызықсыз, мәні жоқ ақпараттар, сапасыз фотоматериалдар шыққан. Бұл нақты жұмыстар жүргізілмейді деген сөз. Ал аудан мен қалалардың ешбіреуінде жоспарда көзделген шараларды өткізу үшін қаржы жоқ. Тек қана Амангелді ауданы Торғай геоглифтері жанында көп тілді ақпараттық қондырғыларды орнатуға 600 мың теңге қаражат бөлді. Сондай-ақ, Амангелді ауданының әкімдігі Торғай геоглифтерін қоршау үшін 17 млн теңге бөлуге бюджеттік өтінім әзірледі. Ол қазір облыстық мәдениет басқармасында қаралуда», – деді облыстық кәсіпкерлік және индустриялды-инновациялық даму басқармасының басшысы Иса Құдабеков жиында сөйлеген сөзінде.

Бұдан басқа осы салада облыс аумағында тың 5 инвестициялық жоба жүзеге аспақ. Олар Амангелді, Жангелді, Меңдіқара, Қостанай, Қарасу, Наурызым аудандарындатуристерге арналған сервис жүйе ашылмақ. Жоба жүзеге асатын болса, туристерге заман талабына сай барлық жағдай қарастырылады. Бұл бастама облыс әкімі Архимед Мұхамбетовтің де көңілінен шықты.

«Қостанайдың жері саятшылық жасауға қолайлы, бірақ барлығы заң аясында болуын қадағалау керек. Барлық жерде қызмет көрсету сапасын арттырып, жол бойындағы дәмхана мен қонақ үйлердің санын көбейткен жөн. Бұл салада мемлекеттік және жеке меншік әріптестікті дамыту қажет. Біздің облыс арқылы халықаралық маңызы бар жолдар өтеді. Басқа облыстарға қарап, үлгі алыңыздар», - деп тапсырма берді облыс әкімі Архимед Мұхамбетов.

Фотосуреттер: Автор

Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас сілтемелер:
Пікірлер