BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары USD 366.86 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары EUR 424.49 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары RUB 5.6
Астана:

Қостанайда жасөспірім жоғалды

Қостанайда 15 жасар бала іздестіріліп жатыр, деп хабарлайды Вaq.kz ақпарат агенттігі Alau.kz басылымына сілтеме жасап.

Михаил Сохань 12 ақпанда үйден шығып, содан оралмаған. Соңғы рет оны КЖБИ ауданында көргендер бар.

«Ол әжеге қоңырау шалып, келемін деген. Ұялы телефонын үйде ұмытып кеткен. Бірақ әжемізге сол күйі қайтып келмеді», - деді әпкесі Екатерина Шарифуллина.

Баланың бойы 170 сантиметр, шашы қоңыр, көзі де қою қоңыр. Үстінде қара куртка, аяғында көк бәтеңке және қасында қара рюкзагы болған. Кімде-кім бір ақпарат білсе, 8-747-523-99-29 осы телефон нөміріне хабарласуды сұрайды.


Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас сілтемелер:
Пікірлер