BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары USD 361.94 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары EUR 423.25 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары RUB 5.4
Астана:

Қостанайда өзен жағалауынан нәрестенің денесі табылды

Қостанай облысы Қарасу ауданында естіген жанның жағасын ұстатын тосын жағдай тіркеліп отыр. Атап айтар болсақ, аталмыш ауданның іргесінен өтетін Қарасу өзені жағалауынан ай-күні жеткен нәрестенің жансыз денесі табылып отыр. Өлі сәбидің денесін балық аулауға барған 46 жастағы жергілікті тұрғын тауып алып, аудандық ІІБ-не хабар берген деп хабарлайды, Baq.kz агенттігінің тілшісі.

Ақпарат түсісімен жергілікті тәртіп сақшылары жедел-іздестіру шараларына кіріскен. Қазіргі таңда баласын пакетке салып, өзен жағасына лақтырған күдікті анықталып, оған қатысты қылмыстық іс қозғалыпты.

«Полиция қызметкерлері Қарасу ауылында тұратын 32 жастағы әйелді күдікті ретінде тұтқындады. Аталмыш дерекке сәйкес сот-медициналық сараптама белгіленді. Қазіргі таңда сотқа дейінгі тергеу жүріп жатыр. Қылмыстық іс сотқа дейінгі тергеп-тексерудің бірыңғай реестріне тіркелді», – дейді Қарасу аудандық ІІБ бастығы Қазбек Бисембаев.


Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас сілтемелер:
Пікірлер