BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары USD 341.08 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары EUR 394.46 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары RUB 5.37
Астана:

Қостанайда қашып кеткен тұтқын қамауға алынды

Фото: ашық дереккөзден

Қостанай облысы Сарыкөл ауданы бойынша КАЖД қызметкерлерінің жедел-іздестіру шараларының аясында қашып кеткен сотталған азамат 10 маусым күні сағат 20.00 шамасында қамауға алынды, деп хабарлайды Baq.kz ақпарат агенттігі Қостанай облысы ҚАЖД-ның баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Қашып кеткен Нариман Кабдусалямов Қостанай облысында тұтқындалды.

«Бұған дейін ол еркін қозғалу құқығын пайдаланып жұмыс істеу нысанынан кетіп қалған. Бүгінде сотталған Кабдусалямов УК-161/11 мекемесіне одан ары жазасын өтеу үшін жеткізілді», - делінген баспасөз қызметінің хабарламасында.

Аталған іс байланысты ҚР ҚК 427 бабы бойынша сотқа дейінгі тергеу жұмыстары жүргізілуде. Қылмыстық кодекстің бұл бабы аясында 2 жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасы қарастырылған.

Естеріңізге сала кетейік, іздестіру туралы бағыттамалар Қостанайдағы дүкендерде пайда болған.

Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас сілтемелер:
Пікірлер