BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары USD 367.06 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары EUR 416.17 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары RUB 5.56
Астана:

Қостанай облысының атауы өзгере ме?

Астана, BAQ.KZ тілшісі. Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте Қостанай облысының әкімі Архимед Мұхамбетов Қостанай облысының атауын Торғай облысы деп өзгерту туралы бастамаға қатысты пікірін айтты.

Облыс әкіміне бастамашыл топтың облыс атауын өзгерту туралы ашық хатына қатысты сұрақ қойылды.

«Осындай хатпен таныспын. Көрдім. Жалпы ұстанымым – қарсымын, өйткені Қостанай облысының өзінің тарихтан келе жатқан атауы бар. Қателеспесем, бұл хатқа 17 адам қол қойған. Олардың бірнешеуімен өзім сөйлескен кезде хатқа қол қоймағанын айтқандар бар. Көп ауданда әкім болған Сабыржан Ахметұлы деген кісі «Мен бұл хатқа қол қойған жоқпын» деп бас тартып отыр. Қалибек Деріпсалдин деген композитор да хатқа қол қоймағанын айтты. Сондықтан халықты дүркліктіру дұрыс емес», - деді Архимед Мұхамбетов.

Облыс әкімі өз сөзінде атауды өзгертудің белгілі бір тәртібі бар екенін айтты.

«Жалпы менің ұстанымымды айтайын: Торғай деген бізде қалыптасқан, бұрыннан келе жатқан аудан орталығы бар. Егер отызыншы, қырқыншы жылдары Қостанай қаласының аты Торғай деп аталса, яғни бұрынғы атын қайтару бойынша жұмыс болса бір жөн», - дейді ол бұл бастаманы қолдамайтынын айтып.


Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас сілтемелер:
Пікірлер