BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары USD 364.95 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары EUR 416.99 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары RUB 5.55
Астана:

Қорғалжында «Қоқиқаз-2018» фестивалі өтеді

Астана, BAQ.KZ. Ақмола облысының Қорғалжын ауданында 19-21 қазан аралығында «Қоқиқаз-2018» фестивалі өтеді.

«Visit Aqmola» туристік ақпараттық орталығы таратқан мәлімет бойынша, фестивалдің қоқиқаз атануы тектен тек емес.

Қорықта құстардың 346 түрі бар, олардан 126 ұя салатындар. Қорықтың аумағында Қызыл Кітапқа енгізілген жануарлар мен өсімдіктердің 60-тан астам сирек түрі белгіленді. Құстардың ішінде Қызыл кітапқа енгізілгендердің ең әдемісі - қызғылт қоқиқаз (фламинго) болып отыр. Мұнда кәдімгі қоқиқаздың ұя салу популяциясы орналасқан. Оның саны кей жылдары 50-60 мың басқа жетеді.

Алғаш рет 2005 жылы бастау алған байқау осымен 14-рет ұйымдастырылып отыр. Шараға Қорғалжын аудандық әкімдігі, Еуразиялық топ (ERG), Ақмола облысының туризм басқармасы және Қазақстан Республикасындағы АҚШ елшілігі қолдау білдіруде. Фестиваль аясында қолданбалы өнер шеберлері туындыларының, көркемсурет, фотосуреттер, бейне роликтер, әдеби туындылар байқауының қорытындысы шығарылады.


Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас сілтемелер:
Пікірлер