Көлік терезесінен шығып селфи жасаған қарағандылық әйел қаза тапты - Аймақ|08 Тамыз 2018, 18:15
BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары USD 363.28 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары EUR 414.25 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары RUB 5.44
Астана:

Көлік терезесінен шығып селфи жасаған қарағандылық әйел қаза тапты

Қайғылы оқиға Қарағанды облысының Ақтоғай ауданында орын алған. Жүріп келе жатқан автокөлік терезесінен денесін шығарып, селфи жасамақ болған әйел абайсызда құлап кеткен, деп xабарлайды Baq.kz аймақтағы тілшісі.

4 тамыз күні «Балқаш-Шұбар-Түбек» бағытындағы дала жолында орын алған жол көлік оқиғасы өліммен аяқталған.

«Уаз» автокөлігінің жолаушысы жүріп келе жатқан көліктің терезесінен денесін шығарып суретке түспек болған. Алайда ол абайсызда құлап кеткен. Өкінішке қарай, ол алған жарақатының салдарынан қайтыс болды», - дейді Қарағанды облыстық Ішкі істер департаментінің баспасөз xатшысы Бақытжан Құдияров.

ІІД облыстағы жол көлік оқиғаларының азаймай тұрғандығын айтады. Осы жылдың өткен жеті айында аймақта 256 жол көлік оқиғасы тіркелген. Жол апаттары салдарынан 81 адам қаза болып, 341 адам зардап шеккен. Ведомоство мәліметінше, жол көлік оқиғаларының көбі жүргізушілердің кінәсінен болады. Полиция қызметкерлері жүргізушілерден жолда абай болуларын сұрап, жол ережесін бұзбауға шақырады.

Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас сілтемелер:
Пікірлер