BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары USD 371.31 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары EUR 419.32 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары RUB 5.59
Астана:

Көкшетаулық оқушы құдыққа құлап бара жатқан 2 жасар баланы құтқарып қалды

Ақмола облысында мектеп оқушысы құдыққа құлап бара жатқан 2 жасар баланы құтқарып қалған, деп хабарлайды Baq.kz ақпарат агенттігі ҚР ТЖМ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Уәлиханов ауданының Кішкенекөл ауылына қыдыра барған Имран Бағдат атты оқушы бір күннің ішінде батыр атанды. Ол кішкентай балдырғанды бір қатерден сақтап қалған еді.

Имран сол күні ауылдағы моншаның маңында ойнап жүрген кішкентай баланы байқайды. Сондай-ақ ол осы маңдағы кәріз құдығының беті ашық жатқанын көреді. Құлдыраңдаған балақайды барлап тұрғанда кенет оның құдыққа бет алғанын аңғарады. Сол сәтте дереу ұмтылған ол баланы қағып жіберіп, өзі екпінімен барып тереңдігі 2 метр құдыққа құлап түседі.

Сәтін салғанда, сол маңда жүрген балалар көмекке келіп, оны сыртқа шығарып алады. Бірқатар жарақат алған оны жедел жәрдем ауруханаға жеткізген.

Жазылып шыққаннан кейін ол осы ерлігі үшін марапатқа ие болады. Ақмола облысының Төтенше жағдайлар департаментінің бастығы Алексей Советов жас батырға «Құтқарушылар күні» салтанатты түрде алғыс хат пен сыйлыққа планшет табыстады.


Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас сілтемелер:
Пікірлер