BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары USD 356.54 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары EUR 419.43 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары RUB 5.42
Астана:

Көкшетауда панельді үйлер көбеймек

Фото: Автор

Көкшетаудағы «Регион Строй» құрылыс комбинаты келер жылдан бастап 960 пәтерлік 10 тұрғын үй салуды жоспарлап отыр, деп хабарлайды Baq.kz аймақтағы тілшісі.

Үдемелі индустриалды-инновациялық даму бағдарламасы аясында іске қосылған комбинат қабырға панелі, төбе жабынды және қоршаулар, плиталар шығарады.

Қаладағы «Юбилейный» мөлтек ауданында «Регион-строй» компаниясының қаржыландыруымен 6 қабатты жаңа тұрғын үй салынды. 60 пәтерден тұратын кешеннің әр шаршы метрі 153 мың теңге.

«Көлемі 84 шаршы метр болатын 60 тұрғылықты пәтердің негізгі сатып алушылары «7-20-25» бағдарламасы бойынша өтінім берген азаматтар. Қазіргі уақытта түгел дерлік пәтерлер өз иесін тапты», - дейді «Регион-строй» компаниясының директоры Александр Дворцевой.

Тұрғын үй комбинатында 100-ге жуық адам жұмыс істеуде. Келер жылы өңірде 960 пәтерлік 10 панельді үйдің іргетасы қаланады деп жоспарланып отыр.

«Комбинат толық қуаттылығына көшкеннен бастап баспалдақтар, түрлі ұзындықтағы жабынды плиталар мен тұрғын үй құрылысына қатысты өзге де материалдар шығаруды қолға алды. Құрылыс комбинатының өнімдері облыс орталығындағы әлеуметтік нысандар, тұрғын үйлер құрылысына пайдаланылуда. Өнімнің негізгі бөлігі елорданың құрылыс нысандарына жөнелтіледі», - дейді компания басшысы.

Мамандардың айтуына қарағанда қазіргі панельдер кеңестік дәуірдегі керамзиттен әлдеқайда сапалы әрі сәнді. 18 сантиметрлік жылу қорғағыш жамылғысы бар. Қазір кәсіпорын шикізат базасы ретінде жергілікті кеніштердегі құм мен қиыршық тасты пайдаланып отыр. Құрылыс комбинаты тұрғын үйлерді жылдам тұрғызатындығымен ерекшеленеді.

«Құрылысқа қолданылатын материалдар қатаң бақылаудан өтеді. Өйткені олар сапа стандарттарына сай келуі тиіс. Тұрғын үй құрылысында жергілікті бетон бұйымдары пайдалану қазіргі салынып жатқан қыш жобалардан арзанға түседі. Қабырға панельдері үшқабатты, ортасына пенопласт плиталар салынады. Ірі панельді үйлер тез салынады. Құрылысқа энергия үнемдеу технологиясы қолданылады, -дейді компания басшысы А.Дворцевой.


Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас сілтемелер:
Пікірлер