BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары USD 345.68 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары EUR 404.45 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары RUB 5.48
Астана:

Көкшетауда зейнеткер 5-қабаттан секіріп кетті

Көкшетауда зейнеткер 5-қабаттың терезесінен секіріп кетті, деп хабарлайды Baq.kz ақпарат агенттігі.

1958 жылы туған әйелдің 5-қаттан секіріп кеткені туралы полицияға жедел жәрдем қызметі хабарлаған.

«Терезеден секірген әйел Ақмола облыстық ауруханасына жеткізілді», - деп мәлім етті ІІД баспасөз қызметі.

Дәрігерлердің айтуынша, 5-қабаттан секірген әйел ауруханада көз жұмған.

«Аталған факті бойынша тексеру жұмыстары жүргізілуде», - деді ІІД баспасөз қызметі.

Полицияның ақпаратына сәйкес, әйел Калинин көшесіндегі көпқабатты үйде ағасымен және анасымен бірге тұрған. Белгілі болғандай, олардың барлығы ішімдік ішкен. Сонымен қатар, әйел психневрологиялық диспансерде есепке алынған.

Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас сілтемелер:
Пікірлер