BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары USD 375.9 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары EUR 423.56 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары RUB 5.55
Астана:

Қызылордалықтар мал өткелдерінің жоқтығынан зардап шегеді – депутат 

«Нұр Отан» фракциясының мүшесі, Мәжіліс депутаты Геннадий Шиповских «Батыс Қытай-Батыс Еуропа» халықаралық транзиттік автожолының бойындағы елді мекен тұрғындары мал өткелдерінің аздығынан зардап шегетінін айтты, деп хабарлайды Baq.kz тілшісі.

«Логистикалық комиссияның мүшесі ретінде Қызылорда облысының жол желісіне жауаптымын. 9-19 шілде аралығында біз өңірлерге барып сайлаушылармен кездескен болатынбыз. Кездесу барысында «Батыс Қытай-Батыс Еуропа» автожол желісімен қатынап жүрдік. Оның ішінде айтар болсақ сонау Жаңақорған ауданынан бастап Арал ауданына дейін ұзақтығы 812 км құрайды», - деді депутат.

Ол халықаралық транзиттік автожолдың сапасы «керемет» екенін, алайда жол бойындағы елді мекендерде түйткілді мәселе барын атап өтті.

«Жалағаш, Қармақшы, Арал, Қазалы аудандарындағы мәселелердің бірі ол – малөткелдерінің жоқтығы. Бұл үлкен мәселе, себебі дәл сол жол бойында жүру желісі өте интенсивті түрде жүріп жатыр және мал саны өте көп. Автокөлік пен малдың соқтығысу оқиғасы көп тіркеледі. Одан машина да, мал да, оның иесі де зардап шегеді. Бұл мәселе өте түйткілді», - деді ол.

Ал ҚР ИДМ Автомобиль жолдары комитеті төрағасының орынбасары Амангелді Беков бұл жобаны жүзеге асыру алдында елдімекен тұрғындарымен қоғамдық тыңдау өткенін атап өтті.

«Әр елдімекенді тыңдап, олардың ұсынысымен малөткелдерін жасаймыз деп шештік. Яғни қазіргі күні мұндай өткелдер әр елдімекенде бар», - деп жауап берді ол.


Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас сілтемелер:
Пікірлер