BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары USD 371.31 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары EUR 419.32 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары RUB 5.59
Астана:

Қызылордада мектеп ауласын су басып, сабақ тоқтатылды

Фото: Егемен Қазақстан

Қызылорда облысы Қазалы ауданына қарасты Аранды ауылында №97 мектептің ауласын су басып, сабақ тоқтатылды, деп хабарлайды Baq.kz ақпарат агенттігі өңірлік коммуникациялар қызметіне сілтеме жасап.

"Оқиға орнына облыс әкімінің орынбасары, облыстық төтенше жағдайлар департаментінің басшысы барды. Олар жағдайды көріп, мектептің жай-күйімен танысты. Мектеп қабырғасы мен еденінің зақымданғаны анықталып, мектепте сабақ оқытуды тоқтату жөнінде шешім қабылдады" - делінген хабарламада.

Енді сарапшылар мектептің техникалық жағдайын мұқият тексеріп, мектеп аумағын су басу себептерін анықтамақ.

Облыстық білім беру басқармасының хабарлауынша, Аранды мектебіндегі мұғалімдер мен 98 оқушы 12 наурыздан бастап көрші Қожабақы ауылындағы мектепке ауысады. Қазалы аудандық әкімдігі оқушылар мен мұғалімдерді тасымалдауға көлік бөлген.

Естеріңізде болса, көктемгі су тасқыны ШҚО-да да ерекше қарқын алып тұр. Облыстағы бірнеше ауданда төтенше жағдай жарияланды.


Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас сілтемелер:
Пікірлер