BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары USD 319.68 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары EUR 392.95 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары RUB 5.63
Астана:

Қызылордада ағасын балағаттаған жігіт қамауға алынды

Қызылорда облысының Төретам кентінде ағасын балағаттаған жігіт қамауға алынды, деп хабарлайды Baq.kz ақпарат агенттігі.

Байқоңыр қалалық сотында құқық бұзушы А.-ға қатысты әкімшілік іс қаралды.

«Құқық бұзушы А. бұдан бұрын ҚР ӘҚБтК 73-бабының 1-бөлігімен жауапқа тартылған. Ол 1 жыл ішінде екі рет құқық бұзған. Ер адам Төретам кентіндегі өз үйінде мас болып, ағасын балағаттап, отбасының тыныштығын бұзған», - деп жазылған хабарламада.

Байқоңыр қалалық сотының баспасөз қызметі мәлім еткендей, құқық бұзушы Қазақстан Республикасы ӘҚБтК 73-бабының 2-бөлігімен кінәлі деп танылып, оны 5 тәулік әкімшілік қамауға алу жазасы тағайындалды.

Қаулы заңды күшіне енбеген.

Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас сілтемелер:
Пікірлер