BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары USD 368.28 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары EUR 419.21 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары RUB 5.59
Астана:

Қызылорда облысында цемент зауыты мерзімінен бұрын іске қосылады – облыс әкімі

Астана, BAQ.KZ тілшісі. Елімізде алғаш рет тампонажды цемент зауыты желтоқсан айында пайдалануға беріледі. Бұл туралы Қызылорда облысының әкімі Қырымбек Көшербаев мәлімдеді.

«Жылына 1 млн тонна тампонажды цемент өнімін шығаратын осы жылдың желтоқсан айында Шиелі ауданында іске қосылады. Қазіргі таңда нысандағы барлық құрылыс жұмысы аяқталып, жабдықтарды монтаждау жұмыстары жүргізілуде. Зауыт белгіленген мерзімінен бұрын іске қосылады», - деді өңір басшысы ОКҚ-де өткен брифингте.

Қырымбек Көшербаевтың айтуынша, аталған жоба 2015-2019 жылдарға арналған ҚР индустриалды-инновациялық даму мемлекеттік бағдарламасы аясында жүзеге асырылған. Сондай-ақ тампонажды цемент зауыты 51 бірлескен Қазақстан-Қытай жобаларының тізіміне енген.

«Кәсіпорында 260-тан астам адам жұмыс істейді. Одан бөлек, аудандық колледжді бітірген 48 жас маман Қытай зауыттарында білімдерін шыңдауда. Қытайлық инвесторлар Шиелі индустриалды-аграрлық колледжінің базасында жергілікті жастар арасынан 80 маманды даярлықтан өткізіп жатыр», - деді облыс әкімі.

Сөз соңында ол аталған кәсіпорынның маңызына тоқталды.

«Тампонажды цемент мұнай-газ және атом өнеркәсібінде кеңінен қолданылады. Ол – апатты және қалпына келтіру жұмыстарын жүргізуде таптырмас материал. Бұдан басқа, шығарылатын өнім қатты аязға, суға және коррозияға қарсы төзімді, цементтің тағы бір маңызды сипаттамасы 10-12 сағатта кебеді», - деп түйіндеді сөзін өңір басшысы.

Естеріңізде болса, бұған дейін өңір басшысы Ресейдің "Байқоңырды" пайдалану бойынша пікір айтқан болатын.


Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас сілтемелер:
Пікірлер