BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары USD 361.94 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары EUR 423.25 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары RUB 5.4
Астана:

Кинологтар иттің көмегімен екі келіге жуық есірткі тәркіледі

Павлодар облысында есірткі айналымының заңсыз жолын кесу мақсатында «Көкнәр-2018» жедел-алдын алу шарасы өтуде, деп хабарлайды Baq.kz аймақтағы тілшісі.

ҚР Ұлттық гвардиясының «Шығыс» аймақтық басқару құрылымы баспасөз қызметінің хабаралуынша, есірткі іздеу жұмыстарына өңірдегі 5512 әскери бөлімінің қызметтік-іздеу иттері жұмылдырылған. Шаралар жергілікті бақылау-өткізу пункттері, әуежай ғимараттары және адам көп жиналатын өзге орындарда холға жүргізілген.

«Жедел-алдын алу шаралары барысында полиция қызметкерлері Павлодар облысындағы жолаушы тасымалымен айналысатын көліктерді тексерді. Әскери бөлім сержанты Ильсур Хайруллин Арес есімді қызметтік итімен бірге «Екібастұз-Павлодар» бағытында адам тасымалдайтын автобустарды тексеріп шықты. Нәтижесінде бірнеше жолаушының қалтасы мен жүк сөмкелерінен есірткі заттар табылды», - дейді «Шығыс» аймақтық басқару құрылымы баспасөз қызметінің бастығы Бағдат Амангелді.

Кинологиялық қызметтің төрт аяқты көмекшілерінің көмегімен бірнеше күннің ішінде екі келіге жуық наша тәркіленді. Сараптамадан соң заттардың қандай есірткі түрі екені анықталады. Заңсыз есірткі тасымалдаған азаматтар ұсталды.

Айта кетейік, сержант Ильсур Хайруллин мен оның қызметті иті жоғары нәтижелерді көрсетуде. 25 алдын алу шарасы барысында есірткі заттар табылған.

Еске сала кетсек, 5512 әскери бөліміндегі кинология қызметі 15 жыл бұрын құрылған. Бүгінгі таңда алты кинолог маман және жеті қызметтік ит бар.


Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас сілтемелер:
Пікірлер